«БЕРЕКЕ БАСТАУЫ - ӘЗ НАУРЫЗ" » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «БЕРЕКЕ БАСТАУЫ - ӘЗ НАУРЫЗ"
26
апрель
2025

«БЕРЕКЕ БАСТАУЫ - ӘЗ НАУРЫЗ"



















“Берекелі Наурыз – ұлттың ұлы күні!”

26 сәуір күні лицейімізде ата-аналар мен оқушылардың белсенді қатысуымен «Береке бастауы – әз-Наурыз» атты үлкен мерекелік іс-шара өтті!

Мереке барысында:
– Сыныптар арасында театрландырылған қойылымдар
– Аналар арасында қамыр жаю мен кеспе кесу сайысы
– Әкелердің арқан тарту бәсекесі
– Қазақша күрес пен қол күрестен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Барлық сынып киіз үй тігіп, ұлттық нақыштағы дастархан жайып, Наурыздың шынайы атмосферасын сезіндірді.

Жеңімпаздар:
Бас жүлде – 9 «Б» сыныбы
I орын – 7 «Б» сыныбы
II орын – 7 «А» сыныбы
III орын – 8 «А» сыныбы

Барша оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздарға алғысымыз шексіз! Бірлік пен ұлттық рухты ұлықтаған ерекше күн үшін қуаныштымыз!