8-наурыз құттықтау » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-наурыз құттықтау
12
март
2022

8-наурыз құттықтау



8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен лицей ханымдарын және аналарымызды құттықтау үшін лицей ағайлары, әкелер қауымы және оқушыларымыз 12 наурыз күні сағат 14:00 де Нұрорда ХМ акт залында өз өнерлерін көрсетті. Аналар қауымына деген құрметтері көрсетіп қошеметпен қарсы алып, гүл шоқтарын табыс етті. Безендіру жұмыстары өте ерекше болды. Шамдармен, жүрек қағаз қиындыларымен және шарларға, қабырғаларға ілінген фото суреттер аналар қауымына ерекше әсер қалдырды.
Концерттік бағдарлама Алихан ағай мен Ғибарат ағайдың «16 қыз» әнімен басталды. Ерекшелігі сол 16 қыздың есіміне лицей апайларының есімін қойып ерекше ән тарту етті.
Бірінші құттықтау сөз лицей директоры А.Ш.Темірқұлға және Қамқоршылық кеңесінің төрағасына   беріліп, аналар қауымын мейрамымен құттықтады. Келесі кезекте 11-сынып жетекшісі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұртаза Елжас және 11-сынып оқушысы Бектенәли «Әндетемін» әнін шырқады. Келесі кезекте аналар қауымен және лицей ұстаздарымен арнайы ойын ойнатылды. 
Аналар қауымын құттықтап Көңілді тапқырлар алаңының Республикалық кезеңінің 2-орын иегерлері «Рақмет,Ғибрат» командасы өнер көрсетті.7-сынып оқушысы Марат Ахмет домбырамен ән тарту етті
 Концерттік бағдарламада ең ерекше болған арнай лицей атынан құттықтап құммен құттықтау болды. Тәрбиешілер және ағайлар бірігіп қойылым қойды. Қойылым мағынасы терең болды. Өз ата-аналарынан алыста жүріп, оқушыларына барлық уақытын арнайын, ата-анасына қарағанда көп уақытын балалармен өздері болатынын, көп нәрсе өздеріне қатысты екендігін, қандай жағдай болса да, басты мақсаттары оқушыларға тәрбие беріп, ата-аналарды сыйлауды,құрметтеуді   үйретуге тырысатындығын көрсетті.
 Лицей оқушылары аналарын құттықтап, жүрек жарды тілектерін өлең шумақтарымен жеткізді.Шаруашылық бөлімінің басшысы Дидар ағай мен Елжас ағай ана жайлы жүрек тебірентер ән шырқады.Мерекелік концерт үшін рақмет айтып, қандай әсер алғанын, аналар қауымын құттықтау  үшін ардагер ұстаздарымыз сөз алды.Концерт соңы хор «Ана туралы жыр» әнімен аяқталды.
Жоғары деңгей ұйымдастырылған бағдарлама аналар қауымына ерекше әсер қалдырды. Жанды дауыста ән, көтеріңкі көңіл күй, қағытпа қалжың, ерекше атмосфера, шынайы көңіл, балаларының   өнерін көру аналар қауымына қатты ұнады. Ұйымдастырушы лицей ағайларына ,әкелер қауымына және балаларына рақметтерін айтты.