«30 жұлдызды күн» атты Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған іс-шаралар қорытындысы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «30 жұлдызды күн» атты Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған іс-шаралар қорытындысы
11
декабрь
2021

«30 жұлдызды күн» атты Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған іс-шаралар қорытындысы

29 қараша күні жиын барысында «30 жұлдызды күн» атты Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды. 8 «А» сынбымен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
«Елбасы мұраты-ел бақыты» атты кітаптар көрмесі
30 желтоқсан күні «Елбасы-ел тірегі», «Ел бастаған Елбасы», «Елдіктің жеті тұғыры» атты тәрбие сағаттары өтті.
«Елбасы жолы. Астана» атты кино көрсетілім өтті
«Тәуелсіз елдің ұрпағымын» тақырыбында эссе жазылды
«Тәуелсіздік жетістіктері» атты кітаптар және суреттер көрмесі өтті
Волейболдан лицей біріншілігі өтті
7-10 сынып оқушыларына қабырға газетінің тақырыптары берілді:
7-сынып «Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл»
8-сынып   «Әлем таныған Қазақстан»
9-сынып    «Тәуелсіз елдің ұрпағымын»
10-сынып   «Желтоқсан оқиғасына 35 жыл»
7 желтоқсан күні тарих пәнінің мұғалімі Камбасова Мөлдір апайдың ұйысдастыруымен 8-сынып оқушыларына «Білімнің Қазына аралы» атты квест сайысы өтті. Оқушылырға қызық болып, белсене қатысты. Жалпы 9 конверт болды. Әр конвертте лицей мұғалімдерінің атына байланысты сұрақтар болды. Сұрақтар қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, география, астрономия және басқа да көптеген салаларды қамтыды.
Түстен кейін 15:00де Дүние жүзі тарихы пәнінің мұғалімі Қанатов Жалын ағайдың ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары Облыстық өлкетану мұражайына «Тәуелсіздікке 30 жыл» атты көрмеге саяхатқа барды. 
8 желтоқсан күні сағат 08:15-09:00де география пәнінің мұғалімі Заманиянов Ғ.Е. 8 «А» сыныбымен «Дүниежүзігің саяси картасы, елдердің саяси типологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
09:05-09:50де Анапиев С.К. 9 «Б» сыныбымен Дінтану пәнінен «Христиан дінінің негізгі бағыттары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сағат 10:25-11:10да 8 «Б» сыныбымен Дүние жүзі тарихы пәнінен Қанатбеков Ж.Қ. «Неліктен Мұстафа Кемальді Ататүрік деп атаған?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аясында 8 желтоқсан күні сағат 15:00де 10-11 сынып оқушыларымен лицейімізде ШҚО «JELTOQSAN-86»   қоғамдық қорының  жетекшісі Рамазанов Еркін Тлеубердіұлы және қоғам белсендісі Абырайымов Еркін Тлеубердіұлымен кездесу өтті. Кездесу барысы 7 Б сынып оқушысы Марат Ахмедтің орындауында «Желтоқсан желі» әнімен басталды. Келесі кезекте кеш қонақтары өздерін таныстыра отыра, желтоқсан оқиғасы жайлы білетіндерін, Тәуелсіздіктің бастауы осы тарихи оқиға екенін айтты. Оқушылар ойларында жүрген сұрақтарын қоя алды. Оқушылар сол кезде оқиға қалай болғанын, қаншама жылдардан кейін енді ғана айтылып жатқан ерліктерін сезіну қалай екендігін, Шығысымыздың батыр қызы Сәбира Мұхамеджан қызының ерлігі туралы сұрақтарын қойды. Кеш қонақтары сұрақтарға жауап бере отыра, болашақ жастардың қолында екенін айта отырып, оларға сенім артатындарын, батырлық жүректе екендігін айтты. Кеш соңы халқымыздың екінші әнұранына айналған «Атамекен» әнін хормен айтып аяқталды. 
9 желтоқсан күні 10:25-11:10да қазақстан тарихы пәнінен Камбасова М. 11 «Б» сыныбымен «Қазақстанның саяси-әлеуметтік және өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.
Түскі сағат 15:00де Анапиев С.К. ұйымдастыруымен Облыстық өлкетану мұражайында «Тәуелсіздік-Тұғырым» атты конференция өтті. Конференцияға 9-сынып оқушылары қатысты.
10 желтоқсан күні апталықтың жабылу салтанаты өтті. Апталық барысында белсене қатысқан сыныптарға «Мадақтау» қағаздары мен тәтті кәмпиттер берілсе, қабырға газетін жасаған сыныптарға Қазақстан тарихы пәнінен «10 баллдық», «9 баллдық», «8 баллдық» сертификаттар берілді.
11 күні лицей директорының шет тілдері жөніндегі орынбасары Хожахметов Наурызбай ұстаздардың арасында тренинг өткізді.
Қазақстан Республикасын Тәуелсіздігің 30 жылдығына орай 15 желтоқсан күні оқушылардың белсене қатысуымен  «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш өтті. I-бөлімнің басы видео және бимен басталды. Тарихымызда өшпестей із қалдырған зұлмат жылдарындағы кезеңдерді видеомен қысқаша көрсетілді.
 «Алаш ұраны» әніне биледі.
Оқушылармен арнайы түсірген Тәуелсіздікпен құттықтау видеосы көрсетілді. 7- сынып оқушысы Айсұлтанның орындауындағы әнмен бірінші бөлім аяқталды.
Рухты әннен кейін II-бөліміміз жүргізушілердің ортаға шығып құттықтауымен басталды. Кейін сөз кезегі Лицей директорының шет тілдері жөніндегі орынбасары Хожахметов Наурызбай ағайға берілді. Сөз кезегін алған Наурызбай ағай Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеңісті күндеріміз көп болсын дей отыра, жастарға артылар үміт зор екендігін айтты. Ары қарай концерттік бағдарламада оқушыларымыздың көрінісімен,ән айтуымен тағы басқада өнер көрсетуімен жалғасты. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болғай!