Оқушылар жетістіктері » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар жетістіктері
ХХII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
15
январь
2026
ХХII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
Жәутіков олимпиадасы — біздің лицейдің үлкен жеңісі! 2026 жылдың 11–15 қаңтары аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.  Олимпиадаға әлемнің 16 елінен 600-ден астам дарынды оқушы қатысып, білім мен бәсекенің жоғары деңгейін біздің «Білім-Инновация» лицейіміздің оқушылары да үздік нәтижелерге қол жеткізді:  Fазиз Мәди —  II дәрежелі диплом, күміс медаль 11б сынып оқушысы (информатика)  Амангелді Алдияр —  III
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
05
январь
2026
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың
Жеңіс құтты болсын! 9-11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өз мәресіне жетіп, лицейіміз нағыз «білім ордасы» екенін тағы да дәлелдеді! Білім додасында бақ сынаған оқушыларымыз жоғары дайындық пен жеңіске деген құштарлықтарын көрсетіп, мектебіміздің қоржынына 66 жүлделі орын салды. Биылғы нәтижеміз көз қуантады:  39 Алтын   11 Күміс   16 Қола Жалпы саны 66 жүлделі орын! Осы көрсеткіштің арқасында лицейіміз «Үздік
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЗОР ЖЕҢІС!
16
декабрь
2025
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЗОР ЖЕҢІС!
15-16 желтоқсан күндері Алматы қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер арасында өткен Информатикадан ХVІІ Еуразиялық олимпиадасында лицейіміздің оқушылары айрықша нәтиже көрсетіп, мектебіміздің мерейін үстем етті!  Білім додасында топ жарған жеңімпаздарымыз:  Юсупов Саят (10-сынып) — Алтын медаль   Ғазиз Мәди (11-сынып) — Алтын медаль   Амангелді Алдияр (10-сынып) — Алтын медаль   Есімхан Бекзат (9-сынып) — Күміс медаль Оқушыларымызды және оларды дайындаған ұстаздарды осынау
VIII Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының “SAMGAU” байқауы
08
декабрь
2025
VIII Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының “SAMGAU”
Өскемен “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицейінің дарабоз домбырашылар ансамблінің үлкен жеңісі Біздің талантты оқушыларымыздан құралған ансамбль VIII Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының “SAMGAU” байқауына қатысып, қазылар алқасының жоғары бағасын алып, БАС ЖҮЛДЕГЕ (ГРАН-ПРИ) ие болды!  Қасиетті қара домбыраның  паш еткен оқушыларымыздың өнері – ұлттық мәдениетімізге деген сүйіспеншіліктің және табанды еңбектің жемісі.  “Дарабоз” домбырашылар ансамблін, олардың жетекшілерін және
Almaty Physics Battles 2025
01
декабрь
2025
Almaty Physics Battles 2025
Лицейіміздің 9-сынып оқушысы Жеңіс Мирас орасан зор жетістікке жетті!  2025 жылдың 29 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Алматыда өткен Almaty Physics Battles 2025 Халықаралық олимпиадасының жасөспірімдер лигасында Мирас үлкен шеберлік пен терең білімін көрсетіп, ең жоғары марапат – АЛТЫН МЕДАЛЬ иегері атанды!  Үш күнге созылған сайыста ол еліміздің және лицейіміздің намысын абыроймен қорғады. Бұл тек Мирастың ғана емес, оны дайындаған ұстаздар мен бүкіл Лицей ұжымының жеңісі!
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
27
ноябрь
2025
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
2025 жылдың 27 қараша күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Лицейіміздің оқушылары бақ сынаған бұл сайыста жоғары нәтижелерге қол жеткізді.  1 орын – 6 жоба (11 оқушы)  2 орын – 14 жоба (22 оқушы)  3 орын – 4 жоба (7 оқушы)  Жалпы қорытынды: 24 жоба жүлделі орын иеленді! Бұл — оқушыларымыздың талпынысы мен ұстаздардың еңбегінің жемісі. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белест
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА САЙЫСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
27
ноябрь
2025
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА
2025 жылдың 27 қараша күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Лицейіміздің оқушылары бақ сынаған бұл сайыста жоғары нәтижелерге қол жеткізді.  1 орын – 6 жоба (11 оқушы)  2 орын – 14 жоба (22 оқушы)  3 орын – 4 жоба (7 оқушы)  Жалпы қорытынды: 24 жоба жүлделі орын иеленді! Бұл — оқушыларымыздың талпынысы мен ұстаздардың еңбегінің жемісі. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестерге бірге жете берейік! @bil.edu.kz 
ИРАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГЕОМЕТРИЯ ОЛИМПИАДАСЫНАН ҚОЛА ЖҮЛДЕ!
26
ноябрь
2025
ИРАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГЕОМЕТРИЯ ОЛИМПИАДАСЫНАН ҚОЛА ЖҮЛДЕ!
Біздің дарынды оқушыларымыздың кезекті ірі жетістігімен бөлісуге қуаныштымыз!  2025 жылдың 26 қараша күні өткен Халықаралық ХІІ Иран Геометрия Олимпиадасында (Iranian Geometry Olympiad) лицейіміздің 11-сынып оқушылары жарқырай білді: Бекболатов Алихан Картаев Таир Ермек Нұрали Олар 11-12 сыныптар лигасы арасында бақ сынасып, күрделі геометриялық есептерді шешуде жоғары шеберлік танытып, жүлделі ІІІ орынды (қола медаль) иеленді!  Алихан, Таир және Нұралиді осы зор жетістігімен шын жүректен
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫ
12
ноябрь
2025
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫ
2025 жылдың 8-12 қарашасында өткен Республикалық «Қазақстан Білім Олимпиадасының нәтижесі қуантты! Үздік оқушыларымыз бас қосқан Республикалық Қазақстан Білім олимпиадасында лицейіміздің оқушылары жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Білім сайысында оқушыларымыз:  10 алтын,  9 күміс,  6 қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есеп бойынша лицейіміз 2-орынға ие болды! Бұл — оқушыларымыздың үздік дайындығының, мұғалімдердің аянбай еңбек етуінің және лицейіміздің сапалы білім беру жүйесінің жемісі.
«СҰЛУ СӨЗ, КӨРКЕМ ОЙДЫҢ КЕМЕҢГЕРІ» САЙЫСЫ
24
сентябрь
2025
«СҰЛУ СӨЗ, КӨРКЕМ ОЙДЫҢ КЕМЕҢГЕРІ» САЙЫСЫ
Қ. Жұмаділовтің шығармашылығына арналған аймақтық «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» сайысы. Оқушыларымыздың жетістігімен қуана бөлісеміз! Рызықанов Саян – ІІ орын Өмірбек Оразалы – ІІІ орын Мұхаметсәбит Ислам – ІІІ орын Жүлдегерлерге диплом және қаржылай сыйлықтар табысталды.  Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жас талапкерлерге шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз!