08
декабрь
2025
VIII Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының “SAMGAU” байқауы
Өскемен “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицейінің дарабоз домбырашылар ансамблінің үлкен жеңісіБіздің талантты оқушыларымыздан құралған ансамбль VIII Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының “SAMGAU” байқауына қатысып, қазылар алқасының жоғары бағасын алып, БАС ЖҮЛДЕГЕ (ГРАН-ПРИ) ие болды!
Қасиетті қара домбыраның паш еткен оқушыларымыздың өнері – ұлттық мәдениетімізге деген сүйіспеншіліктің және табанды еңбектің жемісі.
“Дарабоз” домбырашылар ансамблін, олардың жетекшілерін және ата-аналарын осы айтулы жеңістерімен құттықтаймыз! Сіздер – лицейіміздің мақтанышысыздар!
Өнерлеріңіз өрлей берсін!