Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы
13
май
2022

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы

2022 жылдың 11-13 мамыры аралығында Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында 7-8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және  резервін құру.
Олимпиада 7-8 сыныптар үшін  математика, физика, химия, биология және информатика пәндері  бойынша өткізілді.
Олимпиадаға республикамыздың 236 дарынды оқушысы қатысты. Шығыс Қазақстан облысының намысын 11 оқушы қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
II дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 7 сынып оқушысы Нұрболат Азамат;
 III дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен:
- Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Маратұлы Әлинұр;
- Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Болатхан Ислам;
- Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Касиман Алемхан;
- Өскемен  қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы Тұрсынхан Шынғыс марапатталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасы:
 - Өскемен  қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Советханов Мақсатқа;
 - Семей қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Увалиев Әділжанға табысталды.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!