Облыстық әдістемелік семинар-практикум » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Облыстық әдістемелік семинар-практикум
18
март
2022

Облыстық әдістемелік семинар-практикум


«Ағылшын тілінде оқытуды енгізе отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадаларға дайындық модельдері» әдістемелік семинар-практикум
Оқушыларды ЖМБ пәндерінен  олимпиадаға дайындау бойынша педагогтердің үнемі тәжірибе алмасуы  оқыту мен тәрбиелеудегі жетістігі мен нәтижелерге әсер ететінін көрсетеді.
2022 жылғы 18 наурызда ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ базасында «Ағылшын тілінде оқытуды енгізе отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадаларға дайындық модельдері» тақырыбында семинар өткізілді.
Мақсаты - алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді тарату, ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқытудағы және пәндік олимпиадаларға дайындаудағы тәжірибесімен бөлісу.
Семинар барысында:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Муратова Еркежан Кумаркановна;
Бейіндік оқыту ісінің меңгерушісі  - Джамбулова Салтанат Құмарғазықызы;
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Анапиев Сұңғат Құмарбекұлы;
Директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары - Катышева Құралай Қаликешқызы;
Интернат меңгерушісі - Ұзын Ибрахим «Құндылықтар негізінде білім беру»;
биология мұғалімі Нұрмағанбетов Ербол Зермұханбетұлы, информатика мұғалімі Хожахметов Наурызбай Изетуллаұлы,   химия мұғалімі Серікқалиев Ерасыл Мұратқалиұлы, математика мұғалімі Әнуарбеков Тынышбек Сұлтанбекұлы, физика мұғалімі Нәби Жаслан Серікұлы  «Ағылшын тілінде білім беру мен оқушыларды пән олимпиадасына дайындауда кездесетін мәселелер», математика пәнінің мұғалімі Әуезов Біржан Бэкұлы «Олимпиадаға дайындалудың ерекшеліктері мен әдістері»  тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.
Офлайн-семинар секцияларының жұмысы шеңберінде ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды енгізу, олимпиадалық есептерді шешу және талдау, интернет-ресурстарды қолдану мәселелері талқыланды.
Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 95 ЖМБ пәні мұғалімдері қатысты.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері Желпакова Айгуль Халелевна.