Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен облыстық олимпиада » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен облыстық олимпиада
08
апрель
2022

Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен облыстық олимпиада

2022 жылдың 7-8 сәуірінде ШҚО ББ дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен облыстық олимпиада өткізді.
Олимпиаданың демеушісі – Жакула Күшікұлының немересі Асқар Жакулин атындағы  қайырымдылық қоры.
Олимпиада С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында оқушылардың химия және биологияны оқуға деген қызығушылығын арттыру, дарынды және талантты оқушыларды анықтау, оқушылардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануын қолдау мақсатында өткізілді.
Олимпиадаға 9-11 сыныптардың 200-ге жуық оқушысы аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада екі турдан тұрды: теориялық және практикалық. Оқушылар биология және химия пәндері бойынша теориялық білімдерін көрсетіп, виртуалды тәжірибелер өткізді.
Олимпиаданың екі турының қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен – 18; ІІ дәрежелі дипломмен – 24; ІІІ дәрежелі дипломмен – 48 оқушы марапатталды.
Гагизбеков Арсен 11 А сыныбы химия 1 орын;
Мамырбеков Бекболат 10 сыныбы химия 1 орын;
Жеңісбек Ынтымақ 9 б сыныбы химия 1 орын;
Амангелді Жәңгір 10 А сыныбы биология 1 орын;
Жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!