Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
05
январь
2026

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі





Жеңіс құтты болсын!
9-11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өз мәресіне жетіп, лицейіміз нағыз «білім ордасы» екенін тағы да дәлелдеді! Білім додасында бақ сынаған оқушыларымыз жоғары дайындық пен жеңіске деген құштарлықтарын көрсетіп, мектебіміздің қоржынына 66 жүлделі орын салды. Биылғы нәтижеміз көз қуантады:
 39 Алтын 
 11 Күміс 
 16 Қола
Жалпы саны 66 жүлделі орын! Осы көрсеткіштің арқасында лицейіміз «Үздік олимпиадалық команда-2026» атанып, 1-орынды қанжығасына байлады! 
Бұл жетістік – ұстаздардың ерен еңбегі мен шәкірттердің білімге деген құштарлығының айқын дәлелі. Барлық жеңімпаздарды, олардың ата-аналары мен жаттықтырушы мұғалімдерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы республикалық кезеңде де биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!