ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
08
январь
2025

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ









6-8 қаңтар аралығында жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Бұл білім додасы біздің лицейіміз үшін ерекше тарихи күн болды! Лицейімізден қатысқан 71 оқушының 65-і жүлделі орындарды иеленіп, биік белестерді бағындырды.

Жетістіктеріміздің жарқын көрсеткіштері:
 🥇1-орын – 37 оқушы
 🥈2-орын – 23 оқушы
 🥉 3-орын – 5 оқушы

Осы керемет нәтиженің арқасында лицейіміз облыс бойынша ең жоғары мәртебеге ие болып, “Үздік олимпиадалық команда – 2025” атағын жеңіп алды! 

Бұл жеңіс – лицейіміздің сапалы білім берудегі үздік дәстүрінің, оқушыларымыздың табандылығы мен ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі.

Барлық жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Келесі Республикалық кезеңге жолдама алған жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз! Алда бұдан да асқақ шыңдарды бағындырып, жаңа табыстарға жете берейік! Лицейіміздің абыройы асқақтап, жұлдызы жарқырай берсін!
@shygysdaryny @bilim_bolimi_oskemen