15
январь
2026
ХХII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы



Жәутіков олимпиадасы — біздің лицейдің үлкен жеңісі!2026 жылдың 11–15 қаңтары аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға әлемнің 16 елінен 600-ден астам дарынды оқушы қатысып, білім мен бәсекенің жоғары деңгейін біздің «Білім-Инновация» лицейіміздің оқушылары да үздік нәтижелерге қол жеткізді:
Fазиз Мәди — II дәрежелі диплом, күміс медаль 11б сынып оқушысы (информатика)
Амангелді Алдияр — III дәрежелі диплом, қола медаль 10б сынып оқушысы, ҚР ұлттық команда мүшесі (информатика)
Юсупов Саят — III дәрежелі диплом, қола медаль 10а сынып оқушысы (информатика)
Құдайберген Темірлан — III дәрежелі диплом, қола медаль 10а сынып оқушысы (физика)
Кызырбеков Тамерлан — III дәрежелі диплом, қола медаль10а сынып оқушысы (физика)
Барлық жүлдегерлер — лицейіміздің мақтанышы!
Жас білімпаздарымызды жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!
Алда әлі талай асулар мен жеңістер күтіп тұр!