ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ОРТА АЗИЯ БОЙЫНША ИНФОРМАТИКАДАН ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ОРТА АЗИЯ БОЙЫНША ИНФОРМАТИКАДАН ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ
15
май
2025

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ОРТА АЗИЯ БОЙЫНША ИНФОРМАТИКАДАН ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

7-13 мамыр аралығында Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасы өтті. 

Шығыс Қазақстан облысынан «Білім-Инновация» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді алтын медаль жеңіп алып, тоғыз елден келген 200-ден астам дарынды оқушылар арасынан ең үздік қатысушы атанды.

 Біздің елдің құрамасы 100% нәтижеге қол жеткізді – алты қатысушының барлығы жүлдемен оралды.

Информатика: 
🥇 Алдияр Амангелді – Өскемен қаласының «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
🥈 Әли Мендеке – Семей қаласының «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.

Математика:
🥈 Мейірбек Мұрат – Орал қаласындағы НЗМ-нің 9-сынып оқушысы;
🥈 Медеу Жұбатыров – Ақтау қаласының «Білім-Инновация» лицейінің 8-сынып оқушысы;
🥈 Айдайбек Абдурахман – Тараз қаласының «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
🥈 Нұрислам Дүйсенғали – Алматы қаласының РФММ-нің 9-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері:
Ибрагим Жоржевич Ибатулин – PhysTech School Almaty мектебінің математика пәні мұғалімі;
Жамбыл Максотов – республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері.

Оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдер мен тәлімгерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

 Әл-Хорезми олимпиадасы Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамытуға және нақты ғылымдарды насихаттауға бағытталған. Өткен жылы біздің оқушылар 4 медаль жеңіп алды.