Оқушылар жетістіктері » Страница 7 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Әуезді әуен"
07
декабрь
2023
"Әуезді әуен"
Алматы қаласында оқушылар арасында өткен "Әуезді әуен" республикалық ән жарысында 9-сынып оқушымыз Марат Ахмед үш тілде ән шырқап, қазақ тілі бағыты бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды. Оқушымызды, жетекшілерін және ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз!
Лингвистика
28
ноябрь
2023
Лингвистика
2023 жылдың 28 қараша күні 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Аталмыш олимпиадаға лицейіміздің 10-сынып оқушылары Қарымбаев Тоқтархан мен Дәулетқанов Сырым қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Даулетқанов Сырым - 1 орынды, Қарымбаев Тоқтархан -2 орынды иеленді.  Оқушыларымызды жүлделі орындарымен  құттықтай отырып, табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
Химия пәні бойынша республикалық Қ.Сәтбаев олимпиадасы
02
ноябрь
2023
Химия пәні бойынша республикалық Қ.Сәтбаев олимпиадасы
2023 жылдың 30 қазан мен 2 қараша күндері аралығында Жезқазған қаласында 9 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша Қ.Сәтбаев олимпиадасы өтті. Аталмыш олимпиаданың қорытындысы бойынша оқушымыз Бекболатов  Ерназар лицей қоржынын тағы бір қола медальмен толықтырып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ерназарды, ата-анасын және ұстаздарды кезекті жеңіспен құттықтаймыз!
«Менің кіші Отаным»
16
октябрь
2023
«Менің кіші Отаным»
Республика күніне орай, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ШҚ «Дарын ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 16 қазанында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Негізгі мақсаты – туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық
Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі
12
октябрь
2023
Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі
Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміз бен шетелдік әдебиетті және жазушылардың шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру мақсатында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының базасында 8-10 сынып оқушыларына арналған Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша 9 сынып оқушысы Марат Ахмет ІІІ орынды иеленіп, марапатталды. Ахметті жеңісімен құттықтай отырып, жаңа
XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
03
октябрь
2023
XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында 2023 жылдың 03 қазанында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Президенттік олимпиадаға аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Оқушылар бір мезетте математика, физика, биология, және
«Жаңа Қазақстан: Әділетті қоғам»
28
сентябрь
2023
«Жаңа Қазақстан: Әділетті қоғам»
2023 жылдың 27-28 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары, оқу озаттары мен белсенділері «Жаңа Қазақстан:Әділетті қоғам» атты екі күндік онлайн семинар-тренингке қатысты. Лицейімізден Лицей президенті Алтынғазы Алмас қатысты.                  Семинар-тренинг Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілді. Семинарға қатысушылар: «Әділеттілік: тұжырымдамалық қағидаттар», «Қазақстандық қоғамның социомәдени идеалдары», «Қарама-қайшылықтар
Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған қазақ күресі
27
сентябрь
2023
Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған қазақ күресі
2023 жылғы 27-28 қыркүйек күндері ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы Өскемен қаласында дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты ғимаратында Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының мектеп оқушылары арасында халық қаһарманы Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған қазақ күресі жарысының облыстық кезеңін өткізді. Жарыстың мақсаты – қазақ күресін мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру. Жарыста Шығыс
Республикалық зерттеу жобаларының облыстық кезеңі
26
ноябрь
2022
Республикалық зерттеу жобаларының облыстық кезеңі
2022 жылдың 26 қарашасында 9-11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.  Конкурс оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау мақсатында өткізілді. Бұл конкурс өзекті және перспективалық ғылыми жобаларды ашуға қабілетті жас ғалымдарды, өзінің зияткерлік және мәдени деңгейін жетілдіруге қызығушылық танытатын қатысушыларды
«Sportfest Kazakhstan» республикалық спартакиадасы
20
май
2022
«Sportfest Kazakhstan» республикалық спартакиадасы
2022 жылдың 17-22 мамыры аралығында Ақмола облысының Щучье қаласында өткен «Sportfest Kazakhstan» республикалық спартакиадасына Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы қатысты.  Спартакиаданың мақсаты – дене шынықтыру мен спортты дамыту, жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау. Мектеп оқушылары ӘҚС (әскери қолданбалы спорт түрлері), футзал (ұлдар), баскетбол (қыздар), үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақ бойынша сынға түсті  Лицейіміздің намысын