"INFORMATICS-ASIA" » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
16
декабрь
2023

"INFORMATICS-ASIA"


2023 жылдың 16-18 желтоқсанда Астана ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен "INFORMATICS-ASIA" халықаралық компьютерлік жобалар байқауы өтті. Жарысқа 4 мемлекеттен 184 жоба бойынша 450 оқушы қатысты. 
Байқаудың негізгі мақсаты:
ІТ саласында ғылыми зерттеушілікке қызығушылық танысатын дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту;
ІТ саласында дамытудың тиімді құралы ретінде дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне негізделген жаңа жобаларды әзірлеу;
Әртүрлі елдерден оқушылар мен мұғалімдерді тарту арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және шығармашылық тәжірибе алмасу болып табылады. 
Бұл байқауға лицейіміздің 11-сынып оқушылары Толыбаев Теміржан мен Құдайбергенов Ратмир қатысып, өз жобаларымен таныстырып, байқау нәтижесі бойынша жүлделі 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.