«Жыр алыбы – Жамбыл» » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жыр алыбы – Жамбыл»
12
январь
2024

«Жыр алыбы – Жамбыл»



2024 жылдың 12 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысын өткізді.
 
Облыстық айтыстың мақсаты - ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, тума таланттарды анықтау, қабілеттерін айқындау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру.

Жас ақындарды білікті қазылар алқасы бағалады, олардың құрамына Шығыс Қазақстан облысының ақындары мен жетекші оқу орындарының ғалымдары  кірді.
Бұл айтысқа лицейіміздің 9-сынып оқушысы Марат Ахмет те қатысып, өз өнерін ортаға салды. Әділ қазылардың шешімі бойынша Ахмет оқушымыз 3-орынды иеленді. Ахметті жеңісімен құттықтаймыз!