Оқушылар жетістіктері » Страница 6 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ӘУЕЗДІ ӘУЕН"
25
октябрь
2024
"ӘУЕЗДІ ӘУЕН"
25 қазан күні Алматы қаласында өткен IFLC Халықаралық тіл және мәдениет фестивалі, «Әуезді әуен» ән жарысына қатысып, қазақ тілі бағыты бойынша жүлделі ІІІ орын алған 10Б сынып оқушысы Марат Ахметті құттықтаймыз!
АЙМАҚТЫҚ МИНИ-ФУТБОЛ ТУРНИРІ
05
октябрь
2024
АЙМАҚТЫҚ МИНИ-ФУТБОЛ ТУРНИРІ
Талдықорған қаласында өткен Шығыс аймақтық мини футбол турнирінде лицейіміздің екі командасы өнер көрсетті!  7-8 сыныптар мен 9-10 сыныптар командасы намысты қолдан бермей, жарысқа белсене қатысты. Ерекше қуанышты жаңалығымыз – 7-8 сынып оқушыларының командасы жүлделі 3-орынды иеленіп, үлкен жетістікке жетті!  Сондай-ақ, жарыстың үздік ойыншылары да анықталып, олар да өз шеберліктерін жоғары деңгейде дәлелдеді.  Олар: Хибратұлы Нұржігіт- "Үздік шабуылшы", Рахметолла Нұрасыл "Үздік қақпашы"
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫ-2024
24
сентябрь
2024
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫ-2024
KBO SENIOR OLYMPIAD - 2024 Results of Kazakhstan Bilim Olympiad, Senior league  @bil.edu.kz  @shygysdaryny  @bilim_bolimi_oskemen 
Биологиядан IBO-2024 35-ші Халықаралық олимпиадасы
13
июль
2024
Биологиядан IBO-2024 35-ші Халықаралық олимпиадасы
7-13 шілде аралығында Астана қаласында 23 елден келген оқушылар арасында ІВО-2024 биология бойынша 34-ші Халықаралық Олимпиада өз мәресіне жетті.   “Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады демекші бұл бәйгеде тағы бір мәрте білімін дәлелдеген Қазақстан құрама команданың мүшесі лицейіміздің оқушысы Төреханұлы Нұртөре ҚОЛА МЕДАЛЬ иеленді. Нұртөрені, оның ата-анасын, даярлаған мұғалімін және барша лицей ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!  Бүгінгі күнде Нұртөренің білім қоржынында: - - ⁠Жалпы
Еуропалық олимпиада (EGeO)-2024
04
июль
2024
Еуропалық олимпиада (EGeO)-2024
2015 жылдан бері өткізіліп келе жатқан халықаралық географиядан Еуропалық олимпиада (EGeO) биылғы жылы 28 маусым-4 шілде аралығында Сербия Республикасының Белград қаласында өтті. Қазақстанның намысын қорғап,  жеңісті қолдан жібермей Қазақстан ұлттық құрама командасының жас географтары 6 медаль жеңіп алды. Бұл құраманың мүшесі болған лицейіміздің 9-сынып оқушысы Дарынов Амир КҮМІС МЕДАЛЬ иегері атанып, Шығыстың туын асқақтата түсті. Бұл үлкен жеңіс, үлкен жетістік деп айтсақ та артық болмас.
«Жыр алыбы – Жамбыл»
12
январь
2024
«Жыр алыбы – Жамбыл»
2024 жылдың 12 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысын өткізді.   Облыстық айтыстың мақсаты - ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, тума таланттарды анықтау, қабілеттерін айқындау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын
ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
10
январь
2024
ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
2024 жылдың 8-13 қаңтары аралығында Алматы қаласында мерейтойлық ХХ Халықаралық Жаутіков олимпиадасы өткізілді. Халықаралық олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайджан, Армения, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сынды 14 елден 600-ге жуық дарынды оқушылар қатысты. Соның ішінде біздің лицейіміздің де оқушылары қатысты: Ахметов Әлішер, Маратұлы Алинур, Касиман Алемхан, Нұржанұлы Нұрәділ. Олимпиада қорытындысы бойынша информатика
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
04
январь
2024
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың
Көптен күткен жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі де өз мәресіне жетті. Лицейіміздің намысын қорғап, қоржынымызды 22 алтын, 23 күміс және 7 қола медальдармен толықтырған оқушыларымыз тағы бір мәрте өз білімдерін дәлелдеді. 53 жүлделі орынмен лицейіміз жалпы командалық есепте “Ең үздік олимпиадалық команда-2024” номинациясы бойынша 1 орынды иеленді. Барлық оқушыларды, ата-аналарды және дайындаған ұстаздарды кезекті жеңісімізбен құттықтаймыз!
"INFORMATICS-ASIA"
16
декабрь
2023
"INFORMATICS-ASIA"
2023 жылдың 16-18 желтоқсанда Астана ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен "INFORMATICS-ASIA" халықаралық компьютерлік жобалар байқауы өтті. Жарысқа 4 мемлекеттен 184 жоба бойынша 450 оқушы қатысты.  Байқаудың негізгі мақсаты: ІТ саласында ғылыми зерттеушілікке қызығушылық танысатын дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту; ІТ саласында дамытудың тиімді құралы ретінде дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне негізделген жаңа жобаларды әзірлеу; Әртүрлі елдерден оқушылар мен
XV Еуразиялық олимпиада
11
декабрь
2023
XV Еуразиялық олимпиада
2023 жылдың 11-12 желтоқсанда Алматы қаласында информатикадан XV Еуразиялық олимпиада өтті. Олимпиада екі тур бойынша өткзілді: Техникалық және негізгі тур. Олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен 75 командадан 200-ден астам оқушы қатысты. Аталмыш олимпиадаға лицейміздің намысын қорғап қатысып, қола медаль иегерлері атанған 9 сынып оқушысы Ғазиз Мәди, 11-сынып оқушысы Ахметов Әлішер және 10-сынып оқушысы Қасиман Әлемханды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!