«Лицей Барысы» » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2022

«Лицей Барысы»



2022 жылдың 11 мен 12 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қалсында «Балалар жылы» аясында Республикалық «Лицей барысы» жасөспірімдер арасында қазақша күрес турнирі өтті.
  Турнирге Өскемен, Жаңаөзен, Бурабай, Атырау, Тараз,  Шымкент, Талдықорган, Жезқазған, Екібастұз, Қостанай,  Алматы қалаларынан және Алматы облысы,Есік қаласынан 2004-2005,2006-2007 жылғы оқушылар қатысты.
Өскемен БИЛ «Лицей барысы» жасөспірімдер арасында қазақша күрес турниріне жалпы 10 бала қатысты, жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Серғазин Сұңғат. Жарыс нәтижесінде 2004-2005  жылғы жасөспірімдер арасында жеңіл салмақта 11 сынып оқушысы Нұрахметов Ердос 1-орын иеленсе, 11 сынып оқушысы Бидахметов Арнай «Түйе палуан» атанды. Жүлдегер оқушыларымыз мақтау қағаздарымен, кубокпен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. 2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасында сынға түскен оқушыларымызда жүлделі орынға іліне алмаса да жақсы нәтиже көрсетіп, бар күштерін салды. Алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз! Жеңістеріңіз құтты болсын.
14 наурыз күні турнирге қатысқан оқушыларымызды арнайы лицей ұжымы болып қарсы алдық. Басты мақсат оқушыларды жеңістерімен құттықтау және алдағы жарыстарға қатысатын болса өздерін қолдаушылар бар екендігін сезіндіру.