Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы
11
февраль
2022

Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 9-11 ақпан аралығында онлайн форматта шахматтан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасы өтті.
Жарысқа 2004 жылы туған және одан кіші оқушылар, аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаз 102 оқушысы қатысты.
Команда құрамы: 4 ұл қатысты 
Жарыс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен 8 Б сынып оқушысы Дәулетқанов Сырым марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!