Волейболдан қалалық біріншілік » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Волейболдан қалалық біріншілік
12
февраль
2022

Волейболдан қалалық біріншілік

Лицей оқушылары 5-12 ақпан күндері волейболдан қалалық гимназияда жарысына қатысты. Жалпы команда қатысқан жарыста командалар жеребе арқылы 4 топқа бөлініп жартылай финал үшін ойнады. 7-8 ақпан күндері лицейіміздің спорт залында №1, №3, №43, №2 және біздің лицей оқушылары бақ сынасты. Екі күнге  созылған тартысты бәсекеде оқушыларымыз жартылай финалға бірінші орынмен өтті. 9 ақпан күні спортзалымызда жартылай финал бәсекесі өтті. Біздің оқушыларымыз №43 мектеп және дарынды балаларға арналған Жамбыл орта мектебімен бақ сынасты. Жарыс өте тартысты өтті. Финалға оқушыларымыз бірінші орынмен өтіп, финалда бірінші орынға таласатын болды.
10 ақпан күні №43 мектеп спортзалында финал ойынында №23 мектеппен бірінші орынға таласты. Жарыс нәтижесінде оқушыларымыз 2:0 есебімен жеңіп, қалалық біріншілікте I-орын алды.
Осымен төрт жыл қатарынан лицей оқушыларымыз қалалық гимназияда жарысында бірінші орын алды. Оқушыларымызды қолдау мақсатында лицей директоры және ұстаздары барлық жарыстарға барды. Финалдық сайысқа арнайы оқушылар үшін плакат дайындады.