11
апрель
2025
"КЕМЕЛДІККЕ БАСТАР БЕС ҚАДАМ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ
















«Кемелдікке бастар бес қадам» – Республикалық ата-аналар форумы2025 жылдың 11 сәуірінде ШҚО білім басқармасының «Örken» ғылыми-әдістемелік орталығы мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің ұйымдастыруымен өткен форумда бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасы мен мектеп арасындағы байланыс, бала психологиясы және қаржылық сауаттылық секілді маңызды тақырыптар талқыланды.
Форум мақсаты – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен бес кеселдің (есірткі, лудомания, зорлық-зомбылық, вандализм, ысырапшылдық) отбасы мен бала тәрбиесіне ықпалын саралап, алдын алу жолдарын қарастыру.
Іс-шараға 250-ден астам қатысушы – ата-аналар, мектеп директорлары, тәрбие жөніндегі орынбасарлар, ұстаздар, психологтар, қоғам қайраткерлері қатысты. ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, қырғыз ғалымы Қиялбек Ақматов және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Дархан Өте маңызды ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар арнайы шақырылған спикерлер Саят Қамшыгер мен Елжас Ертайұлы отбасындағы бала тәрбиесіне қатысты пайдалы әрі қызықты ақпараттармен ой бөлісті.
Олар өз тәжірибелері мен терең білімдері арқылы ата-аналарға бала тәрбиесінде кездесетін түрлі жағдайларға дұрыс көзқараспен қарау жолдарын ұсынып, құнды кеңестер берді. Спикерлердің баяндамалары қатысушыларға үлкен мотивация мен шабыт сыйлады.
Форум барысында лицей оқушылары қоғамдағы кеселдермен күреске арналған жобаларын ұсынды. Аталмыш шарада ата-аналар академиясының жұмысына әдістемелік қолдау көрсету жолдары да қаралды.
Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ іс!