Вакцина туралы түсіндірме жұмыстары » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Вакцина туралы түсіндірме жұмыстары
18
ноябрь
2021

Вакцина туралы түсіндірме жұмыстары




18 қараша күні лицей ата-аналарымен  пандемияның алдын алу мақсатында  Өскемен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау ММ Эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Арай Айдарқызымен онлайн жиналыс өтті Жиналысқа 80 ата-ана қатысты. Арай Айдарқызы қазіргі кезде белең алған ауру жайлы, қалай қорғану керек екендігі жайлы сөз қозғады. Бүкіл әлемді шарлап жүрген бұл аурудың балалардың арасында көптеп кездесіп жатқанын, дені сау ұрпақ қалайтын болсақ қазіргі кезде балалардың денсаулығына бейжай қарамауға шақырды.
Ата-аналар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Ең көп қойылып, талқыланған сұрақ 12 жастан бастап балаларды вакцинациялау болды. Вакцина алғанда балаларға қандай қарсы көрсеткіштері болуы мүмкін, болашақта балалардың денсаулығына зиян емес екендігіне кепілдік бере ала ма тағы да басқа сұрақтарын қоя алды. Арай Айдарқызы барлық сұрақтарға жауап бере отыра, қазіргі кезде Қазақстанда 12 жастан бастап балаларды вакцинациялау басталғанын, өздерінің балаларына вакцина салдыруға шақырды.