«Қазақ тілі-ғажап тіл» қазақ тілі апталығы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақ тілі-ғажап тіл» қазақ тілі апталығы
25
февраль
2022

«Қазақ тілі-ғажап тіл» қазақ тілі апталығы

Апталықтың ашылу салтанаты


Апталықтың мақсаты: Оқушыларға ана тілін құрметтеп, ақылды, салмақты сөз айтуға, ойын нақты, жүйелі жеткізуге, тапқыр оймен шешен сөйлеуге көңіл бөлу, адамгершілікке баулу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Лицейімізде 21-25 ақпан аралығында «Қазақ тілі- ғажап тіл»   атты қазақ тілі апталығы өтті. Апталық ашылуынан аяғына дейін тосын сыйға толы болды. Апталықтың алғашқы күні лицейіміздің дарынды оқушылары ұстаздарымызды күймен қарсы алып, салтанатты жиында «Қара жорға» биін билеп, шашу шашылды. Апта көлемінде  әр түрлі қызықты шаралар атап айтсақ:(«Ұлттық киімді дәріпте»,«Қазақша караоке»,«Әуенді тап»,«Ұлттық ойын-халық мұрасы»,«Қазақтың ұлттық ойыны-асық»,«Екі жұлдыз» ән байқауы) ұйымдастырылды. Пән мұғалімдері қазақ әдебиеті пәнінен Мұратова Еркежан 
10 «А» сыныбымен Айгүл Кемелбаева «Шашты» әңгімесі бойынша,Кадырбек Арай 8 «А» сыныбымен Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»поэмасы бойынша , Қанапиянова Наргиз 7 «А» сыныбымен Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» шығармасы бойынша ашық сабақ өткізді. Апталық аясында  9,10 сынып оқушыларымен бірге айтыскер ақын Серік Құсанбаевпен кездесу өткізілді.Апта соңында апталыққа белсенді қатысқан оқушылар мен ұстаздарға мақтау қағаздары табысталды. Қазақ тілі апталығына оқушылар мен лицей қызметкерлері белсене ат салысты.
«Қазақтың ұлттық ойыны-асық » сайысы  



«Әуенді тап», «Қазақша караоке» сайысы 



«Екі жұлдыз» ән байқауы