"Үздік педагог-2022"
2022 жылдың 18 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің қатысуымен «Үздік педагог – 2022» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Биылғы жылы республикалық кезең ерекше форматта өткізілді, конкурсқа қатысушылар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұсынған кестесі бойынша Астана қаласының білім беру ұйымдарында оқушылармен сабақ жүргізді.
Республика бойынша 64 мұғалім «Үздік педагог» атағына ие болды, Шығыс Қазақстан облысынан барған 3 мүғалімнің ішінде лицейіміздің математика пәні мұғалімі Ауезов Быржан Бэкович «Үздік педагог -2022» атағына ие болып, республикалық бюджет есебінен 1000 АЕК көлемінде сертификат және «Үздік педагог» төсбелгісі табысталды.
Біржан Бэковичті лайықты марапатымен құттықтаймыз!