01
декабрь
2025
Almaty Physics Battles 2025
Лицейіміздің 9-сынып оқушысы Жеңіс Мирас орасан зор жетістікке жетті! 2025 жылдың 29 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Алматыда өткен Almaty Physics Battles 2025 Халықаралық олимпиадасының жасөспірімдер лигасында Мирас үлкен шеберлік пен терең білімін көрсетіп, ең жоғары марапат – АЛТЫН МЕДАЛЬ иегері атанды!
Үш күнге созылған сайыста ол еліміздің және лицейіміздің намысын абыроймен қорғады. Бұл тек Мирастың ғана емес, оны дайындаған ұстаздар мен бүкіл Лицей ұжымының жеңісі!