Лицей президентін сайлау күні » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицей президентін сайлау күні
12
сентябрь
2019

Лицей президентін сайлау күні

2019 жылғы 12 қыркүйек күні Өскемен «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» лицейінде өзін – өзі басқару ұйымының  президент сайлауы болып өтті. 
Лицейішілік сайлауға 4 оқушы үміткер болды. Олар: Советқанов Ілияс, Умурбек Исмаил, Айтқазы Ибрагим, және Құмарбек Нұртөре. 10 сынып оқушыларына лицей ұжымы мен оқушылар өз дауыстарын беріп, аталған шара қорытындысы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, көпшіліктің қолдауымен Умурбек Исмаил лицей президенті болып сайланды. Сайлау комитеті өте ұйымдасқан жұмыс көрсетті, нәтижесінде сайлау әдепті және мәдениетті өтті. Лицейдің биылғы түлектері – 11 сынып оқушылары бір жыл бойы абыройымен атқарған қызметтерін жаңа жасақталған оқушылар Парламентіне тапсырды. Барлық лицей ұжымы алда Исмаилға сеніп, оған шын жүректен қолдау білдіріп, биылғы оқу жылы лицейіміздіңабыройын асқақтатар деген үмітпен, еш қиындыққа қарамай тек алға жүруіне тілек