Ата-аналарға » Страница 3 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
«Өзгеге жасаған ізетің-өзіңе жасаған құрметің»
03
октябрь
2022
«Өзгеге жасаған ізетің-өзіңе жасаған құрметің»
Қазан айының құндылығы-құрмет. Құрмет-елге,жерге,тілге,адамзатқа,ұлтқа қатысты мәдени-тарихи құндылықтарды жоғары бағалайтын эстетикалық және этикалық көзқарастар жиынтығы. Құрметтің бастауы-адамның өзі.Яғни өзін құрметтей алған жан өзгелерді де құрметтейді. Сонымен қатар, құрметтеудің тармақтары: 1) Өзіне құрмет; 2)Ата-ана мен ұстаздың еңбегіне құрмет; 3)Ана тіліне құрмет; 4)Отанына және қоршаған ортасына құрмет; 5)Ұлттық құндылықтарға құрмет.
Отбасы-бақыт мекені
17
сентябрь
2022
Отбасы-бақыт мекені
Отбасы- адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.       Бүгінгі таңда құндылықтарға негізделген білім беруде отбасының орны ерекше. Үштік одақ бірігіп жұмыс жасау барысында «ата-ана, бала және мұғалім» басты мақсат – ел болашағына үлес қосар жас
«Үйірмелер көрмесі»
16
сентябрь
2022
«Үйірмелер көрмесі»
16 қыркүйек күні лицей ауласында «Үйірмелер көрмесі» өтті. Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған үйірмелер көрмесіне 8 секция қатысты. Олар: волейбол, баскетбол, футбол, дзюдо, дыбыс жазу, гитара, барабан және дебат. Балалар үйірмеге аптасына екі рет қатысады деп жоспарланған. Олар үйірмеде арнайы жасақталған бағдарламалар бойынша оқып, өзіне ұнаған саланы мектеп қабырғасында-ақ меңгеріп шығады. Осы жылы үйірмелердің ішінде лицейімізде бірінші рет дыбыс жазу және барабан үйірмесі
А.С.Пушкин атындағы кітапхана таныстыру жұмыстары
14
сентябрь
2022
А.С.Пушкин атындағы кітапхана таныстыру жұмыстары
14 қыркүйек күні А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы таныстыру бағдарламасы аясында лицейіміздің 9-10 сыныптары оқушыларымен кездесті. Оқушыларымыз кітапхананың жұмысы туралы толық ақпарат алды. Кітапхананың электрондық ресурстарымен, тілдік курстарымен және үйірмелерімен танысты.
«Анамның тілі-аяулы тілім» көрмесі
13
сентябрь
2022
«Анамның тілі-аяулы тілім» көрмесі
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай лицейіміздің 7-сынып оқушылары 13-14 қыркүйек күндері Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханаға саяхат жасап қайтты.  Оқушыларымыз Қазақстан Республикасы Тілдер күніне орай ашылған «Анамның тілі-аяулы тілім» атты кітаптар көрмесімен және «Оюлар сөйлейді» көрмесін тамашалады. Сонымен қатар Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының  қиындыққа толы өмірімен және шығармашылығымен танысты. Сұрақ-жауап сайысына қатысқан жеңімпаздарға сыйлықтар
Президент сайлауы
09
сентябрь
2022
Президент сайлауы
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу болып табылады.          9 қыркүйек күні лицейімізде дәстүрлі президент сайлауы өтті. Жалпы президент сайлауына үміткерлер саны – 11. Үміткерлер 5 қыркүйектен
"Ынтымақтастық" айы
02
сентябрь
2022
"Ынтымақтастық" айы
Ел бірлігін сақтау мен еліміздің дамуына өз үлесімізді қосу ынтымақтастық әрекеттен басталады.  Ынтымақтастық – ортақ мүддеге ұйысып, ауызбіршілікті арттыратын, тату көзқарасты сақтайтын қабілет.
«Алғашқы қоңырау-2022»
01
сентябрь
2022
«Алғашқы қоңырау-2022»
Білім күні шын мәнінде барша халықтың дәстүрлі мерекесіне айналды.  Лицейімізде дәстүрлі «Алғашқы қоңырау-2022» атты салтанатты жиын лицей алаңында өтті.   Арайлы жаздың үш айын қызыққа толып өткізіп, асыға, аптыға алтын ұя мектептеріне оралған оқушыларымыздың жүзінен қуаныш сезілді. Биылғы оқу жылы «Балалар жылымен» тұспа-тұс келді. Жаңа оқу жылымен құттықтау үшін сөз кезегі лицей директоры Р.Оксюзға, Шығыс Қазақстан облысы Білім Басқармасының маманы Зура Нурмукановна және лицейіміздің