"Алтын сақа" республикалық челленджі
"Алтын сақа" республикалық челенджінің тұжырымдамасына сәйкес 2023 жылдың 17 қарашасында лицейімізде "Бес табан", "Бес асық" ұлттық ойындары ойнатылды. Қазақ халқының бұл ұлттық ойындары оқушыларға тарихи-мәдени мұрасын құрметтеуді қалыптастыру, батылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу, ептілікті, қырағылықты және дәлдікті дамытуды мақсат етеді. #төрттоқсан-төртөнер #2тоқсан #алтынсақа