Лингвистика
2023 жылдың 28 қараша күні 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Аталмыш олимпиадаға лицейіміздің 10-сынып оқушылары Қарымбаев Тоқтархан мен Дәулетқанов Сырым қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Даулетқанов Сырым - 1 орынды, Қарымбаев Тоқтархан -2 орынды иеленді. Оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтай отырып, табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!