"Күшіміз бірлікте!"атты қайырымдылық жәрмеңкесі
Елімізде болып жатқан табиғи апаттардың кесірінен қиындыққа тап болған Отандастарымызға көмек көрсету мақсатында лицейімізде 12 сәуір күні "Күшіміз бірлікте!"атты қайырымдылық жәрмеңкесі жоғары деңгейде өткізілді. Осы игі іс-шараға ат салысқан барлық ата-аналарымызға, мұғалімдерге, оқушыларымызға ерекше алғысымызды білдіреміз! Жамандықтың барлығы артта қалып, жақсы күндеріміз көп болсын!