"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 6 сәуірінен бастап 11 мамыр аралығында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтеді. Тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау-әрбір азаматтың міндеті, парызы. Мемлекет басшысының көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі тапсырмаларын Өскемен "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейінің ұжымы мен оқушылары қолдап, тазалық жұмыстарын жүргізе бастады. Лицей аумағын қоқыстардан тазарту, талдар мен гүлдер егу, көктемгі көгалдандыру