«Ұлы дала жыршысы» Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «Ұлы дала жыршысы» Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы
02
март
2021

«Ұлы дала жыршысы» Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы

"Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым" деп жырлаған ұлы жырау халықтың ғасырлар бойғы көкейінде жүрген арманын өлеңмен жеткізді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлы Жамбылға «адалдық пен адамгершіліктің, әділеттілік пен ізгіліктің алып жыршысы» деген тарихи бағасын берді. Жамбыл бабамыздың ұшан-теңіз шығармашылық мұрасы – халқының талайлы тарихы мен шынайы өмірінің айнасы. «Қазақтың Гомері» атанған ақынның эпикалық дастандарынан, айтыстары мен жыр-толғауларынан біз ұлтымыздың өзіндік болмысын, өмір салтын, көркемдік дүниетанымы мен арман-мақсаттарын танимыз. Әсіресе, «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» деп жырлаған Жамбыл шығармашылығынан еліміздің бүгінгі бейбіт тірлігі мен берекелі бірлігін көргендей боламыз. Сол себепті де, Жамбыл шығармаларының негізгі идеясы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қарышты қадамдарымен, жасампаз істерімен үндесіп келеді. Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған арналған «Ұлы дала жыршысы» атты бірыңғай күннің өткізілуіне байланысты, жоспр бойынша лицей кітапханасында «Жамбыл және дәуір»  тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеде ақынның кітаптары және  басқа да қаламгерлердің ақын туралы айтылған ой-пікірлері қойылды. 9 және 11 сынып оқушылары үзіліс уақытында келіп қызықтап, көрді. 
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала жыршысы» атты 9 «А» сынып оқушыларына офлайн түрде және 8 «А» сыныбына онлайн түрде  тәрбие сағаттары өтті. Школьникам Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында ақпараттар беріліп слайд түрінде түсіндірілді. Ақынның сан алуан туындылары, атап айтқанда: айтыстары, дастанары, өлеңдерімен танысып, мағынасы мен мазмұнына, көркемдігі мен ұйқастарына талдау жасалды. Сонымен қоса, Жамбылдың өміріндегі қызықты шақтардан бейнеролик әзірленіп оқушыларға ұсынылды. Сабақ соңында балалардың білімін нақтылау және сабақты бекіту мақсатында викториналық сұрақтар қойылды.
9 «А» сынып оқушыларына онлайн өткен  «Ұлы дала жыршысы» тақырыбындағы сынып сағаты.

8 «А» сынып оқушыларына онлайн өткен  «Ұлы дала жыршысы» тақырыбындағы сынып сағаты.
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұргүл Төлегенова жоспарға сәйкес Жамбыл Жабаевтың өмірінен  11 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен  көрініс көрсеті. 

9 «Б» сынып оқушыларына «Жамбыл – ХХ ғасырдың гомері» атты сабақ-ойыны «kahoot» арқылы жүргізілді. 

Тарих пәні мұғалімінің «Жамбылдың ұлы жеңіске қосқан үлесі» тақырыбында  9 «С» сынып оқушыларына  жүргізген сабағынан көрініс.