Серік Құсанбаевпен кездесу » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » Серік Құсанбаевпен кездесу
25
февраль
2022

Серік Құсанбаевпен кездесу

25 ақпан күні қазақ тілі апталығы аясында сыр сұхбат алаңына Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Зайсан ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы журналисттер одағының мүшесі, аймақтық, республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы, жыршы, журналист ағамыз - Серік Құсанбаев ағамыз келді.Апталық негізінде өткізіліп отырған кездесу мәнді де мағыналы болып, оқушыларымызға рухани азық болды деген сенімдіміз. 
Ақын ағамызға көптеген сұрақтар қойылды: «Өзіңіздің балалық шағыңыз туралы айтып берсеңіз?», «Ақындық өнер кімнен дарыған және айтыс өнеріне қалай келдіңіз?», «Сіздің өмірлік ұстанымыңыз «Тәтті өтіріктен ащы шындық артық». Осы өмірлік ұстанымыңыз өнерде де, өмірде де жетістікке жетуге кедергі болмады ма? Себебі, «Тура айтсаң туғаныңа жақпайсың» деген сөз бар ғой.», «Қазіргі жастардың біліміне, тірбиесі мен мәдениетіне көңіліңіз тола ма?», «Сіздің бірнеше жыр жинақтарыңыз жарық көрген. «Байғыз», «Жырлаумен өткен 20 жыл», «Көкдауыл», «Дүбірге толы дүние». Біз білмейтін басқа да еңбектеріңіз бар ма және бұл жинақтардың бір-бірінен қандай өзгешеліктері бар?», «Қазіргі таңда енді танылып келе жатқан аға-әпкелеріміздің бойынан тәкаппарлық пен  менсінбеушілік қасиеттерді байқап қаламыз, сіздің бұған көзқарасыңыз қандай?», «Болашаққа деген жоспарыңызбен бөліссеңіз?» т.б. көптеген сұрақтар қойылды. Оқушылар ағамыздан басынан өткен қызық оқиғаларын айтып берсеңіз деп қызығушылық білдірді ж»не қонақ кәде сұрады. Ақын ағамыз білім ордасына және оқушыларымызға жыр шумақтарын арнады. Школьникам қызық кеш болды деген сенімдеміз. Ағамызға шығармашылық табыстар тілейміз!