"Балалар жылы" аясында өткізілген дарынды оқушылар форумы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » "Балалар жылы" аясында өткізілген дарынды оқушылар форумы
01
июнь
2022

"Балалар жылы" аясында өткізілген дарынды оқушылар форумы




2022 жылдың 1 маусымында Балалар жылына арналған Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылар Форумы өткізілді.
Іс-шара 2021-2022 оқу жылының қорытындысын шығару, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, дарынды оқушыларды марапаттау мақсатында өтті.
Форумға республикалық, халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері шақырылды.
Форум барысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Сайрангүл Ахметкәрімқызы Жумадилова форумға қатысушыларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Өз сөзінде ол дарынды жастар кез келген мемлекеттің мақтанышы және болашақ олардың білімі мен жаңа идеяларына байланысты екенін, ал балалардың жетістіктері облыстың имиджі мен беделін қалыптастыратынын атап өтті.
Зияткерлік олимпиадаларда, спортта, шығармашылықта ерекше жетістіктер көрсеткен және патриоттық іс-әрекеттер жасаған үздік оқушыларға облыс әкімінің атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Облысымыздың зияткерлік құрама командасы биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасында 30 медаль жеңіп алды, оның ішінде 8 алтын медаль. Форум аясында республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің медальдары мен дипломдары берілді. Фарумға  лицейіміздің республикалық және халықаралық олимпиада жүлдегерлері қатысып, оларға грамоталар мен ақшалай сертификаттар табысталды. 10 «А» сынып оқушысы Мамырбеков Бекболатқа облыс әкімі Д.К.Ахметовтан Алғыс хат табысталып, олимпиадаларды жоғары жетістігі үшін арнайы кубокпен марапатталды.
Балалар өз әсерлерімен бөлісе отырып, жасалған жағдайлар үшін алғыстарын білдірді және оларға артылған үмітті ақтау үшін білім жолында алдағы уақытта да еңбек етуге сөз берді.