«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
02
ноябрь
2022

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»

республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі


Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімнің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2022 жылдың 2 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы облыстың білім беру ұйымдарының жас ұстаздарының арасында «Дарынды балаларға- талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңін ұйымдастырып өткізді. Білім беру ұйымдарынан 0-4 жыл еңбек өтілі бар тәлімгер, психолог, педагог санаттарынан құралған 23 мұғалім қатысты. Олимпиада барысында сайысқа түскен жас ұстаздар заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін, өздерінің кәсіби іс-тәжірибелерін, жұмыс жүйесінде қолданып жүрген идеялары мен жобаларын көрсетті.

Облыстық Конкурстық комиссия мүшелері қатысушылардың кәсіби шеберліктерін, заманауи талаптарды игерулерін, коммуникативтіліктері мен мамандығы туралы ойының қалыптасу деңгейлерін бағалады.

Комиссия шешімі бойынша  Бас жүлдені лицейіміздің география пәні мұғалімі Боранбаев Бақ-Дәулет Қазбекұлы иеленіп, «Бас жүлде» грамотасымен мараптталып, республикалық педагогикалық сайысқа жолдама алды. Осы жолдаманы жеңіп алған жас педагогіміз  Бақ-Дәулет Қазыбекұлын құттықтай отырып, республикалық сайыста сәттілік тілейміз!