Республикалық зерттеу жобаларының облыстық кезеңі » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » Республикалық зерттеу жобаларының облыстық кезеңі
26
ноябрь
2022

Республикалық зерттеу жобаларының облыстық кезеңі

2022 жылдың 26 қарашасында 9-11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. 

Конкурс оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау мақсатында өткізілді.

Бұл конкурс өзекті және перспективалық ғылыми жобаларды ашуға қабілетті жас ғалымдарды, өзінің зияткерлік және мәдени деңгейін жетілдіруге қызығушылық танытатын қатысушыларды біріктірді.

Облыстық кезең халықаралық практикаға сәйкес ашық көрме форматында ютуб арнадан трансляция жүргізілумен ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шара облыстың барлық аудандары мен қалаларынан келген  200-ден астам оқушы қатысты.

Конкурс 16 секцияда 4 бағыт бойынша өткізілді. Оқушылар жұмыстарды жеке және командалық түрде қорғады. Лицейімізден үш ғылыми жоба қорғалып, жүлделі орындарға ие болды.

«Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясы бойынша 10 «Б» сынып оқушысы Жеңісбек Ынтымақ – І орын;

«Информатика» секциясы бойынша 11 «А» сынып оқушылары Асқар Әлішер мен Мақсатұлы Дамир – І орын;

«Тіл білімі» секциясы бойынша 10 «Б» сынып оқушылары Бейсембинов Нұриман мен Нұрланбек Ералы – ІІ орын.

Марапатқа ие болған жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!