«Сүйіспеншілік жүректе» » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «Сүйіспеншілік жүректе»
28
сентябрь
2023

«Сүйіспеншілік жүректе»





28 қыркүйек күні Сүйіспеншілік айына орай оқушыларымыз Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» комуналдық мемлекеттік мекемесіне «Сүйіспеншілік жүректе» атты көңілді кеш сыйлап қайттық. Кеш барысында оқушыларымыз ән айтып, би билеп, ойын ойнатып, балаларды қуантуға тырысты. Әр түрлі көңілді ойындар ойнатылып, сыйлықтар табысталды. 

Оқушыларымыз «Жігітке жеті өнер де аз» екендігін дәлелдеп, біліммен қатар өнерде де алғыр екендігін, әр түрлі аспаптарда ойнап дәлелдеді. 7-сынып оқушысы синтезаторда өнерлерін көрсетте, үйірмеге қатысушы оқушыларымыз ансамбль болып, «Атамекен» әнін орындады.

«Балалар ауылына» барудағы басты мақсатымыз оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиетті жоғалтпай, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге үйрету орындалды деген сенімдеміз. Оқушыларымызға ерекше көңіл күй сыйлаған бүндай мереклік кештерді ұйымдастыру әлі де жоспарда бар.