«Жарапазан айту-ұлттық дәстүр» » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «Жарапазан айту-ұлттық дәстүр»
27
апрель
2022

«Жарапазан айту-ұлттық дәстүр»


27 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқарамасы Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығына «Жарапазан айту-ұлттық дәстүр» атты іс-шараға 9а сынып оқушылары қатысты. Рамазан айына орай ұмытылып бара жатқан жарапазан айту дәстүрін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды. №35 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі жарапаз дегеніміз не, шығу тарихы қандай екендігін оқушыларымызға баяндап берді. Келесі кезекте ақ жаулықты әжелеріміз жарапазанның ұмытылып бара жатқандығын, ары қарай насихаттай сендердің қолдарыңда деп жас буынға ақылдарын айтты. Және жарапаз айтып берді. Арнайы киіз үй иелері әжелерге сыйлықтарын ұсынды.
Келесі кезекте біздің оқушыларымыз өздері дайындалған жарапаздаран айтты және бата берді. Риза болған үй иелері тәттілерін және ақшалар берді. Осылайша оқушыларымыз жоғалып бара жатқан дәстүрімізбен танысып қайтты. Осындай іс-шараларды ұйымдастырып, шақырған этномузей ұйымына алғыс айтамыз!