09
январь
2024
Халықаралық олимпиадаға дайындық үстінде
9-18 қаңтар аралығында Сочидегі "Сириус" білім беру орталығының базасында қазақстандық биология құрамасы Ресей командасымен бірге Халықаралық олимпиадаға дайындалуда. Қазақстаннан келген 12 биолог оқушының ішінде лицейіміздің 11-сынып оқушысы Төреханұлы Нұртөре де білімін шыңдауда.
Бұл лагерьде барлығы 30 қатысушы бар. Бұл жиындарда студенттер өсімдік физиологиясы, биохимиясы және эволюциясы бойынша теориялық және практикалық негізде өтеді. Нұртөреге сәттілік тілейміз!