Школьникам » Страница 2 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
04
январь
2024
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың
Көптен күткен жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі де өз мәресіне жетті. Лицейіміздің намысын қорғап, қоржынымызды 22 алтын, 23 күміс және 7 қола медальдармен толықтырған оқушыларымыз тағы бір мәрте өз білімдерін дәлелдеді. 53 жүлделі орынмен лицейіміз жалпы командалық есепте “Ең үздік олимпиадалық команда-2024” номинациясы бойынша 1 орынды иеленді. Барлық оқушыларды, ата-аналарды және дайындаған ұстаздарды кезекті жеңісімізбен құттықтаймыз!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиаданың қалалық/район кезеңі (лицейішілік)
20
декабрь
2023
Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиаданың
ЖМБ бойынша оқушылардың жұмыстары  және хаттамалар  https://drive.google.com/drive/folders/12iLmT_XpjT4UJAZIDqnhJinKm82sGKNW?usp=sharing
"INFORMATICS-ASIA"
16
декабрь
2023
"INFORMATICS-ASIA"
2023 жылдың 16-18 желтоқсанда Астана ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен "INFORMATICS-ASIA" халықаралық компьютерлік жобалар байқауы өтті. Жарысқа 4 мемлекеттен 184 жоба бойынша 450 оқушы қатысты.  Байқаудың негізгі мақсаты: ІТ саласында ғылыми зерттеушілікке қызығушылық танысатын дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту; ІТ саласында дамытудың тиімді құралы ретінде дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне негізделген жаңа жобаларды әзірлеу; Әртүрлі елдерден оқушылар мен
XV Еуразиялық олимпиада
11
декабрь
2023
XV Еуразиялық олимпиада
2023 жылдың 11-12 желтоқсанда Алматы қаласында информатикадан XV Еуразиялық олимпиада өтті. Олимпиада екі тур бойынша өткзілді: Техникалық және негізгі тур. Олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен 75 командадан 200-ден астам оқушы қатысты. Аталмыш олимпиадаға лицейміздің намысын қорғап қатысып, қола медаль иегерлері атанған 9 сынып оқушысы Ғазиз Мәди, 11-сынып оқушысы Ахметов Әлішер және 10-сынып оқушысы Қасиман Әлемханды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
"Әуезді әуен"
07
декабрь
2023
"Әуезді әуен"
Алматы қаласында оқушылар арасында өткен "Әуезді әуен" республикалық ән жарысында 9-сынып оқушымыз Марат Ахмед үш тілде ән шырқап, қазақ тілі бағыты бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды. Оқушымызды, жетекшілерін және ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз!
"Тәлімгер" жобасының жұмысы
01
декабрь
2023
"Тәлімгер" жобасының жұмысы
Үшінші жыл қатарынан лицей оқушыларының ұйымдастыруымен "Тәлімгер" жобасы жұмыс жасауда. 1-желтоқсан күні "Хабар" агенттігінің ұсынысымен Мамай Батыр ауылында Ломоносов орта мектебінде  лицейіміздің 11-сынып оқушысы Матвеев Тимур осы жоба аясында 6-сынып оқушыларына ағылшын тілі пәнінен қосымша сабақ жүргізді.  Сонымен қатар, телеарна тілшілеріне өзі жайлы және "Тәлімгер" жобасының жұмысы туралы қазақ және орыс тілдерінде қысқаша ақпарат берді.
«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел»
30
ноябрь
2023
«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел»
Қазақ халқының рухани мұрасын, салт-дәстүрлерін танымал ету, оқушылардың мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қолдау және жалпыадамзаттық және адал, саналы, жасампаз азаматтар тәрбиелеу мақсатында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында облыстық «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың конкурсы өткізілді. 1-кезеңнің нәтижесі бойынша лицейіміздің төмендегі оқушылары дипломдармен марапатталды.  Есбол Ернар -І орын
Лингвистика
28
ноябрь
2023
Лингвистика
2023 жылдың 28 қараша күні 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Аталмыш олимпиадаға лицейіміздің 10-сынып оқушылары Қарымбаев Тоқтархан мен Дәулетқанов Сырым қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Даулетқанов Сырым - 1 орынды, Қарымбаев Тоқтархан -2 орынды иеленді.  Оқушыларымызды жүлделі орындарымен  құттықтай отырып, табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
Аймақтық баскетбол.
25
ноябрь
2023
Аймақтық баскетбол.
Сүйінші! 2023 жылдың 25 қараша күні өткен аймақтық баскетбол жарысынан лицейіміздің баскетбол командасы жүлделі І орынды қанжығалады. Жігіттерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, республикалық тартыста сәттілік тілейміз!
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі
22
ноябрь
2023
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі
2023 жылдың 22 қарашасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурсқа барлық аудандар мен қаладан келген 200-ден астам оқушының ішінде біздің лицейдің оқушылары да қатысты. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша командалық түрде 11-сынып оқушылары Ибраев Мирас пен Ахметов Әлішер - 2 орын, Қасенұлы Есжан мен Нұрланбек Ералы - 3 орын және 10-сынып оқушысы Алтынбек Нұрдәулет - 3 орынды иеленді.