Қазан айы - Құрмет айы (Құндылықтар негізінде білім беру) » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазан айы - Құрмет айы (Құндылықтар негізінде білім беру)
01
октябрь
2019

Қазан айы - Құрмет айы (Құндылықтар негізінде білім беру)

ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 5 ДАҒДЫСЫ
 1 Сыйласаң - сыйлы боласың. Кез келген адамды сыртқы келбетіне немесе көзқарасына қарамастан құрметтеңіз. Арлы адам бұл 5 принципті өмірдің барлық салаларындағы адамдармен күнделікті қарым-қатынаста сақтайды.
2.  Құрметпен қарау. Қатардағы жауынгер лауазымы жағынан өзінен үлкенді көргенде, ол кісіге тамсанбаса да құрметтеуге міндетті. Сол сияқты өзіңнен үлкендерді сыйлауда үлкен түсіністік пен ауызбіршілік жатыр.
 3. Табиғи құрмет сезімін жоғалтпай, дамыту. Әр адам бойында құрмет сезімі болады. Ол бір үлкен кісіні көргенде немесе сізге қымбат адамды кезіктіргенде іштен еріксіз оянады.
4. Ата-бабаға құрмет көрсету. Осы күнімізге жетуге себепкер болған, елін-жерін қорғаған, ғылым мен білімді бізге жеткізген ата-бабаларымызға құрмет көрсету керек. Олар сан ғасырлық қиыншылықтарға қарамастан, бізге тәуелсіз мемлекетті аманаттау үшін өздерін құрбан етті. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа ең қымбат қазына. Сол үшін де қарттардың өмірлік тәжірибелері, ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары біз үшін өте маңызды. Оларға құрмет көрсету - біздің парызымыз.
  5. Жақсы мінез-құлықты бағалау және сол үшін құрметтеймін деп айту. Адамдарды жақсы мінез-құлқы үшін, ұнамды болғаны немесе сіз үшін орны ерекше адамдарға сыйластық таныту қажет.