ХИМИЯ ПӘНІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫ » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХИМИЯ ПӘНІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫ
16
май
2022

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫ





ХИМИЯДАН 56-ШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫ
Химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасында Қазақстандық оқушылар 8 медаль жеңіп алды. 
Қазақстан қоржыны тағы да халықаралық олимпиада жүлделерімен толықты. Химиядан 56-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Соның ішінде біздің лицейіміздің 10 сынып оқушысы Мамырбеков Бекболат жүзден жүйрік болып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, қола медаль иегері атанды.
Зияткерлік сайыстар 9-16 мамыр аралығында Ташкентте (Өзбекстан) офлайн форматта өтті.
Қазақстан құрамасы атынан Қарағанды, Ақтау, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар және Ақтөбе облыстарынан 10 және 11 сыныптардың 12 оқушысы қатысты.
Олар ТМД, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің оқушыларымен білім сайысында бақ сынасты.
Олимпиаданың жеңімпаздарын және ата-аналарын құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!