23
сентябрь
2022
«Тіл-татулық тірегі»
23 қыркүйек күні Тілдер күніне және «Ынтымақтастық» айына орай 7-10 сыныптар арасында "Тіл-татулық тірегі" атты меркелік кеш өтті. Кештің мақсаты - дарынды балалардың шығармашылығын дамыту, өнерге деген құштарлықтарын ояту, әрбір ұлттың мәдениетімен таныстыру. Байқаудың негізгі талаптары: фонограммасыз жанды дауыста ән айту, әнді берілген ұлттың тілінде шырқау және билеу, қатысушылар саны 5-10 аралығында болуы керек.
Қатысушыларымызға әділ төрелігін берген лицей директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Узун Ибрахим, лицей директорының оқу ісі-жөніндегі орынбасары Муратова Еркежан және №1 балалар музыка мектебінің мұғалімі Рахимова Қымбат. Сайысқа қатысқан ұлт өкілдер:
7а сыныбы Орыс ұлты;
7б сыныбы Қазақ ұлты;
8а сыныбы Түрік ұлты;
8б сыныбы Өзбек ұлты;
9а сыныбы Үнді ұлты;
9б сыныбы Ағылшын ұлты;
10а сыныбы Кәріс ұлты;
10б сыныбы Әзірбайжан ұлтының өнерін көрсетті. Көп ұлтты мемлекетімізде ынтымақтастықтың арқасында көптеген ұлт өкілдерінің тұрақталғанынан, оқушыларымызға басқа ұлт өкілдерінің өнерін көрсету қиын болмады.Сайыс нәтижесінде:
Бас жүлде - 7б сыныбы Орыс ұлты;
I орын- 8б сыныбы Өзбек ұлты;
II орын - 10б сыныбы Әзірбайжан ұлты;
III орын - 10а сыныбы Кәріс ұлты иеленді. Қалған сыныптар номинацияларға ие болды.