«Мектептегі стратегиялық және тактикалық басқару» атты облыстық семинары. » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектептегі стратегиялық және тактикалық басқару» атты облыстық семинары.
02
октябрь
2023

«Мектептегі стратегиялық және тактикалық басқару» атты облыстық семинары.






2023 жылдың 02 қазан күні Өскемен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің ұйымдастыруымен  Шығыс Қазақстан облысы бойынша аудан және қала мектептерінен жиналған мектеп басшылары мен олардың орынбасарларына арналған «Мектептегі стратегиялық және тактикалық басқару» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар барысында лицейіміздің оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары Е.К.Муратова «Стратегиялық менеджмент-табысты басқару жүйесінің негізі» тақырыбында лицейдің даму жоспарына шолу жасап, жаңашыл ақпараттар берді. Лицей психологы Р.Р.Рамазанова «Менеджменттегі эмоционалды интеллект» тақырыбы бойынша тренингпен жалғастырды. Сонымен қатар, дарынды оқушылармен жұмыс жасауда «Дарынды оқкшыларды анықтау және олармен жүйелі жұмыс жүргізу» бойынша бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары С.К.Джамбулова жұмыс жоспарымен бөлісіп, «Құндылықтарға негізделген білім беру» тақырыбында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ибрахим Узун жалпы лицейдің құндылықтармен жұмыс жасаудағы жүйесімен таныстырды. Кері байланыс қорытындысы бойынша оң пікірлер айтылды, семинар қызықты, әрі нәтижелі өтті. Семинар соңында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ортылығының маманы Динара Бурабаевна лицей ұжымына Алғыс білдірді.