"ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫ » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫ
08
февраль
2025

"ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫ







"Жарқын Болашақ" республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

08 ақпан күні "Жарқын Болашақ" республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Олимпиадаға 150-ге жуық оқушы қатысып, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.

Оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту негізінде байқау бес бағыт бойынша жүргізілді:

Әнші-бұлбұлдар – қатысушылар әншілік қабілеттерін көрсетті.
Сөз шеберлері – шешендік өнері мен тапқырлығын сынады.
Бейнелеушілер – сурет салу арқылы шығармашылық қырларын танытты.
Жас қаламгер – жас жазушылар өз туындыларын ұсынды.
Білгірлер сайысы – қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін сынады.
Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, жүлделі орын иегерлері дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Бұл олимпиада оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға үлкен серпін берді.