СУДА ЖҮЗУ-ҚҰТҚАРУ БОЙЫНША VII ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРІ » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СУДА ЖҮЗУ-ҚҰТҚАРУ БОЙЫНША VII ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРІ
12
март
2025

СУДА ЖҮЗУ-ҚҰТҚАРУ БОЙЫНША VII ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРІ





2025 жылғы 12 наурызда Өскемен қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жүзу бассейнінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскерге шақырылғанға дейінгі жастар арасында суда-құтқару көпсайысы бойынша VII облыстық турнирін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтар арасында өмір сүру қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.

Турнирдің бағдарламасында төмендегідей жарыс түрлері қамтылды:
- Жабық бассейнде 25 метрге жүзу (жеке-командалық жарыстар);
- Аралас эстафета (командалық жарыстар).  
Бұл аталмыш шараға лицейіміздің де командасы қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді:
Ережепұлы Еларыс-9А сынып
Тайболанов Даниал - 9А сынып
Қайырғазы Санжар - 10Б сынып
Қали Бейбарыс - 10Б сынып
Шәріпханов Даниал - 10Б сынып
Нұржанұлы Асыл - 9А сынып

Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды, қалған командаларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.
  
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!