РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС! » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС!
01
апрель
2025

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС!




Оқушыларымыз республикалық пәндік олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты! Физика, химия, биология, информатика, география және математика пәндері бойынша білім сайысында үздік шығып, жалпы 23 медаль жеңіп алдық. Бұл жетістіктің ішінде:
 3 алтын
 9 күміс
 11 қола
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы командалық есепте «Ең үздік олимпиадалық команда – 2025» номинациясы бойынша жүлделі 3-орынды иеленді!
Бұл жеңіс – оқушыларымыздың тынымсыз еңбегінің, ұстаздардың сапалы дайындығының және ата-аналардың қолдауының нәтижесі. Әрбір медаль – үлкен қажыр-қайрат пен табандылықтың жемісі!
Жас зияткерлерімізді осынау биік белесті бағындыруымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің білімге деген ұмтылыстарыңыз, ізденістеріңіз бен талпыныстарыңыз – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Олимпиада жүлдегерлеріне жаңа жетістіктер, толағай табыстар тілейміз!
Алға, білімді жастар! Жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!
@darkhan_ote 
@bil.edu.kz 
@shygysdaryny 
@rspc_daryn 
@bilim_bolimi_oskemen 
@shygys_bilim_basqarmasy 
@bilim_basqarmasy