13
май
2025
М.ӨТЕЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ОЙЛАН ТАП!" ОЛИМПИАДАСЫ

2025 жылғы 11–14 мамыр аралығында Тараз қаласында 7–8 сынып оқушыларына арналған М. Өтелбаев атындағы математикадан республикалық «Ойлан, тап!» олимпиадасы өтті. Аталған білім бәйгесіне еліміздің әр өңірінен үздік оқушылар қатысып, білім деңгейлері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды.Осы олимпиадаға біздің лицейіміздің де дарынды оқушылары қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің III дәрежелі дипломдары және қола медальдарымен марапатталғандар:
Әкімбек Абылайхан — 8 сынып оқушысы
Ибраев Радмир — 7 сынып оқушысы
Сондай-ақ, ерекше жетістігі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталған:
Мейрамканов Диас — 7 сынып оқушысы
Бұл жетістіктер — оқушыларымыздың табандылығы мен талпынысының, ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен ата-аналардың қолдауының жемісі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Білім жолындағы ізденістеріңіз бен табыстарыңыз толастамай, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер!