06
май
2025
“ЕРЛІК - ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ" АТТЫ САПТЫҚ ЖҮРІС БАЙҚАУЫ







“Ерлік - елге мұра, ұрпаққа үлгі” атты саптық жүріс байқауы өттіҰлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы және 7 мамыр – Отан Қорғаушылар күніне орай лицейімізде 7-11 сынып оқушылары арасында “Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі” атты апталық шеңберінде саптық жүріс байқауы ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери тәртіп пен бірлікке баулу. Байқау барысында әр сынып саптық дайындықтарын, сапта жүру тәртібі мен әскери элементтерді орындаудағы шеберліктерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған сыныптар жүлделі орындарға ие болып, сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі мен ынтасы ерекше көзге түсті.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушыларды ерлік пен батырлыққа баули отырып, елін сүйетін нағыз азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.