25
май
2025
"ДАРЫНДЫЛАР ШЕРУІ-2025"







Дарындылар шеруі – 2025 2024–2025 оқу жылының қорытындысы
Лицейімізде жыл бойы білім, ғылым, спорт және шығармашылық бағыттарда озық нәтиже көрсеткен оқушыларды марапаттауға арналған кезекті “Дарындылар шеруі – 2025” шарасы өтті!
Облыстық, республикалық және халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар жарысында, спорттық сайыстарда үздік нәтиже көрсеткен 180 оқушымыз арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, @shanyraq_bil.oskemen қоғамдық қоры мен @oskemen.alumni түлектер ассоциациясының демеушілігімен республикалық және халықаралық пән олимпиада жеңімпаздарына қаржылай сертификаттар табыстады.
Бұл — дарынды ұрпақтың еңбегі мен табандылығының нәтижесі! Алда бұдан да биік белестерді бағындыратынымызға сенеміз!