01
июль
2025
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ДӘСТҮРЛІ КЕЗДЕСУ










2025 жылғы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Шығыс Қазақстан облысында ерекше мазмұндағы маңызды шара өтті. Облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов дарынды оқушылармен дәстүрлі кездесуде бас қосып, жас буынның биік жетістіктерін салтанатты түрде атап өтті.Бұл кездесуге халықаралық және республикалық деңгейдегі зияткерлік олимпиадалар, ғылыми жобалар, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен оқушылар шақырылды. Олар – білім мен еңбектің шыңына жеткен, ел болашағына сенім ұялатқан жас дарындар.
Іс-шара барысында ерекше жетістікке жеткен оқушылардың жұмыстары мен марапаттары ұсынылған көрме ұйымдастырылып, өңір мақтаныштары облыс әкімінің атынан Құрмет грамоталары мен ақшалай сертификаттарға ие болды.
Бұл мәртебелі кездесуге біздің лицейімізден 39 олимпиада жеңімпаздарымыз шақырылды. Олардың қатарында:
Халықаралық олимпиада жеңімпаздары – 5 оқушы,
Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары – 29 оқушы,
Республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары – 5 оқушы бар.
Барлық оқушы облыс әкімінің қолынан арнайы марапаттар мен қаржылай қолдау сертификаттарын алып, үлкен шабытпен оралды. Бұл – лицейіміздің білім беру сапасының, ұстаздар еңбегінің және оқушылар талпынысының нақты жемісі.
Осындай ауқымды деңгейде танылып, өңір мақтанышына айналған оқушыларымыз – болашақтың жарқын көшбасшылары. Бұл кездесудің әр қатысушысы үшін ерекше рух пен сенім сыйлағаны сөзсіз.
@shygysdaryny
@shygys_bilim_basqarmasy
@akimatoskemen
@darkhan_ote
@shanyraq_bil.oskemen
@oskemen.alumni